АЛЬПИЕВ ТАМАН МУРАТОВИЧ

1988 жылы 12 шілдеде Екібастұз қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1. С. Торайғырова атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мамандығы — «Құқықтану»
2. Ресей Федерациясының ұлттық бизнес институты мамандығы — «спорттық менеджмент»
Еңбек жолын 2009 жылы «Таман» ЖШС-де заң кеңесшісі болып бастаған.
2009 жылдан 2015 жылға дейін «еркін күрес федерациясы» РҚБ Павлодар филиалының вице-президенті болды;
2010 жылы «Қамқор-Вагон» ЖШС заң кеңесшісі болып жұмыс істеді;
2011 жылы «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2011-2017 жылдар аралығында –Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының Қашыр, Лебяжі, Шарбақты аудандары бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықтың прокуроры.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алексей Сергеев атындағы спорт клубы (СКАС)» ҚБ вице-президенті.
2017-2021 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының Павлодар облысы бойынша бөлімінің аға прокуроры.
Павлодар облысы туризм және спортты дамыту басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ басшысы лауазымына 2021 жылғы 24 мамырда тағайындалды.